«Салтым – асыл қазынам»

«Салтым – асыл қазынам»

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жуырда Қаскелең қаласындағы «Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінде» «Салтым – асыл қазынам» атты көрме ұйымдастырылды. Осы ретте, «Анаға құрмет» мұражайының ұжымы ұсынған жылжымалы көрменің мақсаты: ата-бабамыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту, Отанына, ұлтына деген сүйіспеншіліктерін арттыру екендегін айта кеткеніміз жөн.

Үшқоңыр орта мектебіндегі «Президент әлемі» мұражайының жетекшісі Ақлима Көсемова және Қарасай батыр атындағы орта мектептің «Шапағат» өлкетану музейінің жетекшісі Ырымкеш Байқосынова көрменің қадірлі қонағы болды.

Көрмеге қойылған қолөнер бұйымдары, зергерлік өнер туындылары және ыдыс-аяқтар қатысушыларды таң-тамаша етті. Аруларымызға арналған білезіктер, жүзіктер, шашбаулар, тұрмыстық қажеттіліктер: астау, ожау, кесе, торсық, кебеже, күбі, май шайқағыш және құрақ көрпешелер, иленген қасқыр және түлкі терілері, керегеге ілінген домбыра көрме сәнін келтірді. Олардың атауы, шығу тарихы, қолданылуы жайында кеңінен ақпарат берілді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях