Президент Үндеуін насихаттау жұмыстары

Президент Үндеуін насихаттау жұмыстары

Sorry, this entry is only available in Русский.

Жаңару мен жаңғырудың даңғыл жолына түскен Қазақстан ширек ғасырдың ішінде бүкіл әлемге қуатты, дамыған, ынтымағы жарасып, ырысы артқан мемлекет ретінде танылды. Елбасымыз ендігі кезекте барша қазақстандықтың алдына осы береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып, еліміздің іргесін бекіте түсуді басты мақсат етіп қойып отыр. Президенттің мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі жөніндегі Үндеуі соның жарқын бір көрінісі. Бүгінде еліміздегі барлық саяси партия, ірі қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар және азаматтық қоғам өкілдері оған өз қолдауын білдіруде. Осы мақсатта кеше «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында, облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Садық Әбдіқадыров пен облыстық мәслихат хатшысы Серік Мұқановтың жетекшілігімен, Мемлекет басшысының Үндеуі кеңінен талқыланды. Оған облыстық мәслихат депутаты Жанболат Жөргенбаев пен Серік Донбаев, аудандық мәслихат хатшысы Еділ Қалиев, аудандық мәслихат депутаттары Атлана Исаева, Жанар Кулиева, Бауыржан Айнабеков, Қуаныш Баяманов және аудандық Саяси кеңес мүшелері мен партия филиалының қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Үндеуде қамтылған бағыт­тар аясында елімізде бірқатар ма­ңызды жұмыстар жүзеге асып, ау­қымды жоспарлар қолға алынып жатқандығы айтылды. Бұдан бөлек, оны халыққа насихаттау жұмыстары кеңінен әңгіме болды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях