Патриоттық ән байқауы

Патриоттық ән байқауы

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін Абай мектеп-гиназиясында, талантты жас ұрпақтың ауған соғысы ардагерлеріне деген құрметінің белгісі ретінде, «Уақыт бізді таңдайды» атты патриоттық ән байқауы өтті. Әдемі әнімен, тартымды сәнімен сынға түскен өнерпаздардың жарысына Қаскелең қалалық округінің әкімі Біржан Нұрлыбаев, ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық қор төрағасы Сәбит Пішембаев және ауған ардагерлері мен мұғалімдер қатысты.

Ауданның 25 мектебінен келген 12-18 жас аралығында 35 қатысушы, байқау шарты бойынша орыс және қазақ тілдерінде ретро әндерін жанды дауыста орындап, көрермендерді тамсандырды. Біреулері топ болып гитарада ән салса, екіншісі әскери киімдерімен әсерлі өлең оқыды. Барлығыда барын салып дайындалып келгенін дәлелдеді. Сонымен жарыс қорытындысы бойынша жас орындаушы номинациясын 1 Май орта мектебінің оқушысы Ерасыл Мейірбек жеңіп алса, көрермендер көзайымы Әлімқұлов мектебінен Гүлшат Сариева болды. Ал, ең үздік әскери киім үлгісі номинациясы бойынша Макаренко мектебінің оқушылары лайықты деп таңдалды. Қазылар алқасы бір ауыздан 1-орынды Абай мектебінің оқушысы Айшолпан Нұрланқызына берсе, бас жүлдені көркем дауыспен Керімбеков мектебінің тәлімгері Аружан Каукен қанжығасына байлады. Қатысушылардың барлығына бағалы сыйлықтар табысталып, ардагерлер өз тарапынан ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях