Облыста жыл сайын дәстүрлі түрде аудандар мен қалалардың мәдениет күндері ұйымдастырылып тұратыны белгілі.
Жуырда оның қорытындысы шығарылып, Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында «Тәуелсіздік – тұғырым» деген тақырыпта гала-концерт өткізілді.
Аталған салтанатта облыс әкімі Амандық Баталов сөйлеп, жиналғандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, мәдениет күндері бойынша 16 аудан мен 3 қаланың ішінен үздік шығып, бас жүлдені иеленген біздің ауданымызды «Лада ларгус» автокөлігімен марапаттады.