Назарбаев зияткерлік мектептерінің өкілдері қонақта

Назарбаев зияткерлік мектептерінің өкілдері қонақта

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Кеше Қаскелең қаласындағы Сулейман Демирел университетіне Алматы қаласында орналасқан Назарбаев зияткерлік мектептерінің өкілдері іс-сапармен келді. Аталмыш оқу ордасына келудегі мақсаты өздері қызықтырған ректорат және факультет әкімшілігі мүшелерімен кездесу. Жиын барысында екі тарап білім беру жүйесіндегі артықшылықтармен, тілдік дайындықтарымен және бітіруші түлектердің мүмкіндіктері жайында пікір алмасты.

Айта кетейік, 2010 жылдан бері Назарбаев зияткерлік мектебін бітірген түлектердің 218-і Сулейман Демирел университетінде білімін жалғастырған. Соларды бірі, Көкшетау физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 2014-ші жылғы түлегі – Ақерке Ораз. Оның айтуы бойынша, бұл мектептің өзге орта мектептерден бірінші айырмашылығы –

атауында. Білікті мұғалімдер, оқу үлгісіндегі жүйелілік, заман талабына сай техникалық жабдықтар оқушылардың зейінін арттыруға өз үлестерін қосып қана қоймай, білім алуға қызығушылығын арттырады. Мысалы, қазақ-түрік лицейлерінде бауырмашылдықты арттыруға аса мән берсе, аталмыш мектептер көшбасшылық қасиеттерді бойға сіңіруге септігін тигізеді. Бұл зияткерлік мектептерде ағылшын тілін тереңдетіп оқытады. Сондықтан шет елдерден арнайы мамандар шақырады. Кейіпкеріміздің айтуына қарағанда Назарбаев зияткерлік мектебінен кейін Сулейман Демирел университетінде оқу қиынға соқпайды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях