Мемлекеттік қызметшілер аттестациядан өтеді

Мемлекеттік қызметшілер аттестациядан өтеді

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев ауданымызға келіп, биылғы жылдың бірінші жартысында «Б» корпусы қызметшілеріне өткізілу жоспарланып отырған кешенді сынақ жайында толыққанды ақпарат берді.

Аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында болған жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Жұмәділ бастаған қарасайлық мемлекеттік қызметшілер қатысып отырды.

Еске салсақ, Елбасы ұсынған, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру кезеңдерінің бірі  іс басындағы мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізуді қарастырады.

Бұл іс-шара қаңтар мен маусым айлары аралығында өткізілмек. Аттестаттаудың мақсаты «Б» корпусы қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейін және атқарып отырған лауазымдарға сәйкестігін анықтау болып табылады. Зейнеткерлік жасқа толуына екі жылдан кем уақыт қалған, жүктілік пен босануға байланысты демалыстағы және бала күтіміне байланысты демалыстағы, 2016 жылы конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметке алғаш және қайтадан тағайындалғандар, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервінде тұрған «Б» корпусының қызметшілері, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер, ауылдық округтер құрамына кірмейтін ауыл, кент әкімдері, тағы да бірқатар топтар аттестаттаудан өткізуден босатылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, аталған сала бойынша енгізіліп жатқан бір жаңалық — бұдан былай құқық қорғау органдарына қызметке тұрушылар да заңдылықты білу, сондай-ақ жеке басының қасиеттерін бағалау бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінде немесе оның бөлімшелерінде тестілеуден өтетін болады.

Ашық әңгіме барысында жиналғандар да алдағы аттестациялауға қатысты көкейдегі көп сұрақтарын қойып, нақты әрі толыққанды жауаптар алды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях