Мектеп жөнделеді, жолдар тегістеледі…

Мектеп жөнделеді, жолдар тегістеледі…

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жамбыл ауданымен шекаралас жатқан Бірінші Май ауылдық округінде де былтырғы жылы қолға алынып, жүзеге асқан жұмыстар аз емес. Олар бүгін аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің тұрғындармен жүздесіп, берген есебі кезінде қорытыланды. Атап айтсақ, Қайнар ауылының су құбырларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 7 200 000 теңге, Бекболат ауылының электр жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 11 430 000 теңге, Бекболат ауылының көше жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 40 024 000 теңге бөлініп, қаражат толықтай игерілген. Сонымен қатар, округке  жыл  басынан «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Бекболат  ауылының  су жүйелерін  ағымдағы  жөндеуге 12 млн теңге  қаражат қарастырылып, жұмыстар атқарылған. Бұл округте жыл сайын көтерілетін мәселелердің бірі тұрғын үйлер түсіп кеткен жерлерді заңдастыру болатын. Аудан басшысының тікелей араласуымен ол да шешімін тапқан және Жамбыл ауданындағы Қарғалы өзенінен су тарту сұрағының түйіні де тарқатылған екен. Бұдан бөлек, Қайнар ауылындағы көнерген мектепті күрделі жөндеуден өткізуге де ақша бөлініп, тұрғындар ризашылығы арта түскен. Осы айтылғандарды өз баяндамасына арқау еткен округ әкімі Мұратбек Қарнақовтың сөзін жарыссөзге шыққан халық өкілдері де жалғай түсіп, аудан басшысының тағайындала сала келіп округ активімен жүздесіп, уәде берген бірқатар істі тігісін жатқыза орындағаны үшін алғыстарын жеткізді. Ал, Махаббат Садуақасұлы болса өз кезегінде, ауылдарда жыл сайын алға қойған мақсаттарымыздың біраз бөлігі жүзеге асқанының өзі ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасындағы ортақ істің нәтижесі екенін айтып, халыққа жақсы тілегін жеткізді. Елбасы жақында жариялаған Үндеуінің маңызына тоқтала келе, оны талқылауға бір ай уақыт берілгенін, осы мерзімде елімізді демократияландыруға бағытталған бұл қадамға қатысты пікірлерін білдіруден қалыс қалмауға шақырды. Біріншімайлықтар да бірауыздан аудан әкімінің есебін қанағаттанарлық деп тапты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях