Мектеп-гимназияда «Шағын еркін кітапхана» ашылды

Мектеп-гимназияда «Шағын еркін кітапхана» ашылды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы орай елімізде көптеген жобалар қолға алынып, іске асырылып жатыр. Солардың бірі ретінде Елбасы туып-өскен Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп-гимназиясында ашылған «Шағын еркін кітапхананы» (Little free library) атап айтуға болады.

Бұл жобаны алғашқы рет американдықтар Тодд Бол мен Рик Брукс іске асырып, ол 2009 жылдан бастап Еуропа қалаларында жалғасын тауып келеді екен. Мұндай үрдіс енді Қазақстанда да енгізіле бастапты. Бұл – кішкентай кітапхана, яғни, кітаптарды еркін алып, оқуға арналған кішігірім ағаш үйшік. Олардың жұмыс істеу принципі өте қарапайым. Осы жерден кез келген кітапты алып оқып, оны тек орнына қайтару керек, немесе басқа кітаппен алмастырып қоюға болады. Үстіміздегі оқу жылының  басында осы жоба бойынша шағын кітапхана мектеп-гимназияның ауласында, оқушылардың ата-аналары үшін орналастырылған екен.

«Шағын еркін кітапхана» идеясына орай істерді мектептің ағаш өңдеу шебері Алтай Бижанов қолға алып, оны 50*50 шаршы метр көлемдегі кітап сөресіне ұқсас кішкентай үйшік етіп жасаған. Ал, оның сыртын көркемдеуге мектеп мұғалімдері, оқушылары өз үлестерін қосқан.

Ауданымыздағы алғашқы тың жобаның ашылу салтанатына мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар қатысып, кітапхана есігіне керілген лентаны мектеп директоры Гүлхан Аманжолова қиды. Өз кезектерінде енді балаларын мектептен алып қайтатын ата-аналар да аздаған болса да бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік алғандары үшін осы білім ордасының ұжымына ризашылығын білдірді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях