Медиацияны нығайту мүмкіндіктері қаралды

Медиацияны нығайту мүмкіндіктері қаралды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Осыдан бес-алты жыл бұрын арнайы заңмен елімізде енгізілген медиация рәсімі бүгінгі таңда кеңінен қанат жайып, білгілі бір құқықтық институтқа айналды деп айтуға әлі ерте. Бірақ, мамандар кейбір дау-жанжалдарды сот залына жеткізбей шешуге мүдделілер қатары артып келе жатқандығын алға тартады. Қысқаша түсінік беріп өтсек,  Медиатор судьяны алмастырмайды. Ол жеке және заңды тұлғалар үшін дауларды шешудің балама неғұрлым аз шығынды тәсілін ұсынады. Яғни, ол сот жүйесіне жатпайтын және сот көмекшісі болып табылмайтын кәсіби делдал. Медиаторға жанжалдарды реттеуге азаматтардың өздері жүгінеді. Ол өз кезегінде олардың дауларын талқылау барысында тараптарды ортақ шешім табуға көмектеседі.

Бүгін аудандық соттың ғимаратында судьялар, прокурорлар, нотариустар, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің өкілдері мен кәсіби медиаторлардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде осы медиацияны кеңінен қолданысқа енгізу жайы жан-жақты талқыланды. Бас қосу тізгінін қолына алған судья Роллан Дүйсенбиев жиынның мән-маңызына тоқтала келе, осы бітімгершілік рәсімін жандандыруға қатысты аудандық сот ғимаратында медиация кабинеті жұмыс істейтінін, онда кәсіби медиатор күні бойы азаматтарға тегін қабылдау жүргізетінін айтып, қатысып отырғандарды өз салалары бойынша тараптардың мәмілеге келуіне себепкер болатын мамандар қызметінің қажеттілігі турасында ой бөлісуге шақырды. Өз кезегінде кәсіби медиатор Тұрсынай Раисова бүгінгі таңда медиацияны дамыту орталығымен Бейтарап потруль жобасы қолға алынғанын, ол бойынша ортақ 221-00-11 байланыс орталығы арқылы азаматтарға ауызша заң консультациялары тегін көрсетілетінін алға тартты.

Осылайша көптеген көкейде жүрген сауалдарға жауап тауып беруге жәрдемдескен дөңгелек үстелден құқық қорғау және сот жүйесінің қызметкерлері жұмыс үрдісіндегі ара-қатынасты нығайта түсуге мүмкіндік алғандықтарын да айтып тарасты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях