Мас жүргізушілерді ұстады

Мас жүргізушілерді ұстады

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қарасай ауданының жол полицейлері екі күнде 5 алкогольдік ішімдік ішіп автомобиль тізгініне отырған жүргізушіні ұстап, жол-көлік апаттарының алдын алды. Ақпанның 11-і мен 13-і аралығында өткен «Мас жүргізуші» жедел іс-шаралары шеңберінде бұдан бөлек тиісті құжаттарсыз темір тұлпар тақымдаған екі, жалған мемлекеттік нөмір тағып алған бір адам құрықталған. Одан бөлек, қауіпсіздік белдігін тақпағандар, көлік тізігінінде келе жатып ұялы телефонмен сөйлескендер, көлігінің техникалық жарамдылығын растайтын қағазынсыз жүргендер, басқа да жол жүру ережесін елемегендер де бұл күндері тәртіп сақшыларының назарына ілігіп, рейд барысында барлығы 37 хаттама толтырылған. Аудандық ІІБ ЖПҚ жол потрульдік ротасының қызметкерлерінің айтуынша, шара барысында қосымша түсіндіру жұмыстары да жүргізіліп, көлік тізгіндегендердің әрбір олқылықтары мен ортақ ережеге деген немқұрайдылықтары өзінің де өзгенің де өміріне үлкен қауіп төндіретіндігі қатаң ескертілген. Ал, спирттік сусынға елітіп алып жолға шыққандардың ісі әкімшілік сотқа жолданыпты. Енді олардың үш жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылулары әбден мүмкін.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях