Критериалды бағалауға арналды

Критериалды бағалауға арналды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жуырда Шамалған бекетіндегі қазақ орта мектебінде «Критериалды бағалау – білім сапасын арттыру негізі» атты аудандық семинар өтіп, оған 235 мұғалім қатысты.

Аталған мектеп директоры А.Наимбаева семинарды ашқан соң, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары, мобильді топтың мүшесі Г.Есбергенова жиынтық бағалау бойынша балл (деңгей) туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданатынын, дұрыс дұрыс шешім қабылдау үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектесетінін түсіндірді.

Келесі кезекте Алтынсарин мектебінен А.Сырлыбаева, Д.Қыдыралиева, қазақ орта мектебінен К.Ибрашева, Бәрібаев мектебінен Д.Беркінов және т.б. ашық сабақ өткізді. Мұнан кейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, мобильді топтың мүшесі Г.Қайнарбаева «Жиынтық бағалау – оқушының білім сапасы» тақырыбында ұстаздармен коучинг жүргізді. Әрі «Критериалды бағалау» бейнежазбасын көрсетіп, қатысушылардың білімін жинақтады.

Мұғалімдер семинарға белсене қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях