Әкімдікке үміткерлер ел алдында

Әкімдікке үміткерлер ел алдында

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін аудан әкімі Махаббат Бигелдиев, Елбасының Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары,  ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы № 555 Жарлығына сәйкес, Ұмтыл ауылдық округі әкімі лауазымына үміткерлерді жергілікті халық алдында таныстырды. Бұл ретте округтік ардагерлер ұйымының төрағасы Е.Хасенов  және тағы да басқа ұйым мүшелері тұрғындар атынан пікір білдіріп, көпті көргендіктерін байқатып, әкімдердің халыққа жақын болып, ел мүддесін ойлауы керектігін әңгіме арқауына айналдырды.

Жиынды қорытындылаған Махаббат Садуақасұлы өз сөзінде бүгінде, әсіресе, жастарға зор сенім артылатынын, әкім болуға лайықты делінген азаматтардың кәсіби тәжірибесі де ескерусіз қалмауы қажеттігін алға тартып, сайлаудың барлық кезеңдері заңға сәйкес жүргізілетінін сөз етті. Соңынан жиналғандарға жақсы тілегін білдіріп, алда келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях