Депутаттар еңбек ұжымында

Депутаттар еңбек ұжымында

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін бірқатар халық қалаулылары Қаскелең қаласындағы «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ-ның жұмысшаларымен кездесті. Бұл жүздесудің мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін және жуырда халыққа БАҚ арқылы жолдаған, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жан-жақты түсіндіру болатын. Жалпы, аудандық мәслихат депутаттары Ерлан Момбаев, Атлана Исаева, Айна Сексенбаева, Евгений Выгай қатысқан бұл бас қосуда, Үндеудегі саяси реформа бүкілхалықтық талқылауға ұсынылып отырғаны және әр азаматтың өз пікірін еркін білдіріп, нақты ұсыныс енгізуіне мүмкіндігі бар екендігі әңгімі арқауына айналды. Сонымен қатар, Президент Жолдауындағы экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған бес негізгі басымдығылы кеңінен талқыланып, оны жүзеге асыруға әр адам өзіндік үлес қосуы керектігі жеткізілді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях