Биыл да I орын бізде

Биыл да I орын бізде

Ауданымыздың абыройы тағы да асқақтай түсті. Жыл сайынғы спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жағынан алдан көрініп, облыс көлемінде былтырғы жылдың қорытындысы бойынша халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарда табысты өнер көрсеткені үшін біздің ауданның спорт және дене шынықтыру бөлімі биыл да алғашқы орынды қанжығасына байлады. Әрдайым саламатты өмір салтын насихаттап, бұқараны спортқа баулыған, Серік Қамзанов басшылық ететін аталмыш бөлім мамандарын апта басында облыс әкімінің орынбасары С.Тұрдалиев салтанатты түрде құттықтады. Өңір басшысы Амандық Баталовтың атынан Дипломмен марапаттап, алда да жемісті жетістіктер тіледі.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях