Б.Тамабаевтың мүсіні қойылды

Б.Тамабаевтың мүсіні қойылды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Жуырда, атап айтқанда, тәу етер Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы алдында Қаратөбе ауылында азаттық үшін арыстандай айқасқан ардақты атамыздың асыл бейнесін мәңгілікке қалдыруға арналған айтулы оқиға болды. Ол осындағы мектеп алдындағы Байбосын Тамабаев мүсінінің ашылуы еді.

Байбосын Тамабаев – үстіміздегі жылы жүз жыл толған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, туған халқының бостандығы үшін күрескен батыр бабамыз. Тарихтан белгілі, сол кездегі бүкіл қазақ жерінде бұрқ еткен толқу Верный уезін де қамтыды. Сондай үлкен бас көтерулердің бірі Үшқоңыр тауы маңында орын алып, оған атақты Бекболат Әшекеевтің басшылық еткені де мәлім. Міне, Байбосын атамыз қасына ерткен қырық жігітімен Бекболаттың қолына қосылған, ел еркіндігі үшін басын бәйгеге тіккен. Бұл көтерілісшілердің де мұздай қаруланған жазалаушылар отрядына қарсы тұра алмай жеңіліске ұшырағанын да білеміз. Сонымен, 1916 жылы 8 қыркүйекте Боралдай биігінде Бекболат Әшекеевпен бірге Байбосын Тамабаев та дарға асылған. Сол сияқты, Дүйсебек Қасымбеков, Екейбай Сатқынов, Әбілеш Бекбатыров, Әбдірашов, Сыпатаев өлім жазасына кесілген.

Б.Тамабаев 1856 жылы туған. Верный уезі, Үлкен Алматы болысының №1 ауылында дүниеге келген. Кезінде би де, болыс та болған дәулетті адам екен. Бірақ, бай болса да, бар болса да халық жағына шығып, патша жарлығына қатты қарсылық білдіргендердің қатарына кірген.

…Қаратөбе ауылындағы орта мектеп қазір Б.Тамабаев атында. Мектеп ұжымы директоры Күлпан Исабаеваның басшылығымен, округ әкімі Бақытгүл Жұманбаева мен Қ.Қосшығұловтың көмек-қолдауымен, осы уақытқа дейін батыр есімі мен рухына арналған бірталай іс-шараны жүзеге асырыпты. Енді, міне, қола мүсіні орнатылды. Оны жасатқан бабамыздың тікелей ұрпақтары, ағайындары екен.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях