Ауыл еңбеккерлерінің де көңілінен шықты

Ауыл еңбеккерлерінің де көңілінен шықты

Sorry, this entry is only available in Русский.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдаған биылғы Жолдауында аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы қажет екендігін атап өткен. Осыған байланысты ауыл шаруашылығын сапалы деңгейге көтеру үшін селолық өндірістік кооперативін құруға баса назар аудару қажеттігін тапсырды. Осының барлығы сенбі күні аудандық әкімдікте Қарасай ауданының «Ауыл» ХДПП өкілеті ұйымдастырған мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға арналған жиында кеңінен сөз болды. Алдымен, партияның аудандық өкілеті төрағасы Орынбай Жанәділ стратегиялық құжатта көрсетілгендей, ауылдық өндірістік кооперативін құрудың бүгінде маңызды рөлге ие болғандығын атап өтті. Сол үшін мемлекет тауар өндірушілерінің белсенділігін арттыруға бағытталған тиімді несие, субсидия және өзге де жеңілдіктерді қарастырғанын тілге тиек етті. Бұл ретте, кішігірім ауыл шаруашылық кәсіптерінің бірігуін қолдап, аудандағы бизнесті одан әрі дамыту жолдары туралы «Медеу Коммерц» асыл тұқымды мал өсіру зауытының басшысы Лаура Түктібаева да өз пікірімен бөлісті. Ал, ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Сабырбек Мұхтар, аталмыш бағыт бойынша түсіндіру жұмыстары өткізіліп, келешекте атқарар істер пысықталып жатқанын да алға тартты.

Яғни, бас қосу Елбасының жаңа Жолдауы еңбеккерлердің табысын еселеп, сол арқылы ел өркендеуіне септігін тигізеді деген ортақ қорытынды негізінде түйінделді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях