Атқарылған іс ауқымды, алда да жұмыстар жетерлік…

Атқарылған іс ауқымды, алда да жұмыстар жетерлік…

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Ауданымыздың шалғайында жатса да, аумағындағы ірі өндіріс орындарының көптігімен, жайлаған жергілікті тұрғындарының ынтымақ-бірілігінің және тәжірибелі ауыл әкімінің іскерлігінің арқасында жүзеге асып жататын жақсы жұмыстарымен ерекшеленетін округтердің бірі – Елтай екені белгілі. Бүгін Береке ауылындағы Бейсебаев мектебінде өткен аудан әкімінің есепті кездесу жиынында осы айтылғандар тағы бір мәрте айшықтала түскендей.

Өткен жылдың өзінде мұнда екі ірі зауыт ашылып, жолдар жөнделіп, бірқатар әлеуметтік нысандарға да көңіл бөлінген. Елбасының жүктеген міндеттерін орындау барысында, аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің берген тілкелей тапсырмасына орай, есепті кезеңде үш жекеменшік балабақша ашылса, біреуі таяуда қолданысқа беріледі. Бұдан бөлек, үш ауысымдықты жою мақсатында былтырдан бастап Береке ауылында 600 орындық жаңа мектеп іске қосылса, Исаев ауылында 600 орындық мектепке қаражат бөлініп, құрылысы жүргізілуде. Электр жарығының қуаттылығын арттыру үшін және ауыл тұрғындарының былтырғы кездесу жиналыстағы өтініштері бойынша, Жармұхамбет пен Қаратөбе ауылдарына демеушілердің көмегімен жаңа электр подстанциялары орнатылған. Өзге де ілкімді істер жетерлік. Сол себептен де болар, сөз сөйлеуге ортаға шыққандар айтарларын ең алдымен аудан және ауыл әкімдеріне деген алғыстарымен бастап, олардың алдағы қызметтеріне тек сәттіліктер тілеп аяқтады. Барлығына ортақ бір ғана тілек, тек, округтегі мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізіп, іске қосып беру болды.

Есепті кездесу жиынын қорытындылаған аудан әкімі Махаббат Бигелдиев халықтың білдірген үлкен сыйластығы мен ыстық ықыласына ризашылығын білдіріп, барлық мәселе басшылық назарынан тыс қалмай, келешекте кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях