Ғалымдар бас қосты

Ғалымдар бас қосты

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін Қаскелең қаласында орналасқан Сулейман Демирел университетінде «Мәңгілік ел құндылықтары: қоғамның әлеуметтік- рухани   дамуының негізгі мәселелері» атты республикалық ғылыми- тәжірибелік конференция өтті. Елбасымыздың «Мәңгілік ел» жобасын тілге тиек еткен кездесудің мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды, тілімізді, дінімізді құрметтеуге шақыру, сырттан келіп жатқан жат идеологияларды сынау еді. Бұл жиын «Тарихи сана және рухани даму», «Бірегейлік және біртектілік» деп аталған екі сессиядан тұрды. Алғашқы бөлімде педагогика ғылымдарының докторы, профессор, аталған оқу орнының ғылыми істер жөніндегі проректоры Нұрлыбек Сейітқұлов пен тарих ғылымдарының докторы, профессор, Геосаяси зерттеулер институтының директоры Асылбек Ізбаиров сөз бастап, баяндамашыларға кезек берді. Осы ретте қоғам қайраткері Амангелді Айталы «Қазақ ұлтының рухани дамуының әлеуметтік мәселелері» тақырыбында сөз қозғады. Ізін ала философия ғылымдарының докторлары Рүстем Қадыржанов пен Әлия Масалимова, Бақытжан Сатершинов, тарих ғылымдарының докторлары Талас Омарбекова, Мәмбет Қойгелдиев, Хангелді Әбжанов, Нәбижан Мұхаметханұлы және саяси ғылымдар докторы Сейілбек Мұсатаев баяндамашылар қатарынан көрінді. Ал, екінші сессияда  Сулейман Демирел университетінің мамандары: Есенгүл Кәпқызы, Мұхтар Сеңгірбай, Аслан Тұрлыбек, Жеңісбек Төлен және қонақтар: Гүлнұр Асылтаева, Мұхит Асанбаев, Ерғали Омарғазы, Нүркен Айтымбетов және Абдрахман Ескендір өз ойларымен бөлісті.

Басқосу барысында пікірталастар да өрбіді. Ғалымдар, профессорлар көзқарастарын ортаға салып, еліміздің әлеуметтік, рухани жағдайына талдау жасады. Атап айтқанда, отандастарымыздың әлеуметтік, психологиялық дамуы материалдық жағдайға байланысты екендігін айтып, қоғамымызды дамыту үшін халықтың экономикалық жағдайын жақсарту қажеттігін алға тартты. Сондай- ақ маргиналды (қоғамнан оқшауланған) адамдар жайында да сөз қозғалды. Бір тобы фанатизмді бұл топқа кіргізсе, бірі романтизмді маргиналдық санатқа жатқызды.

Өз кезегінде мамандар Елбасы Жолдауын да тілге тиек етіп, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына түсіндірме беріп, оған жету жолын да ортаға салды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях