Айфон сатып аларда есте ұстаңыз!

Айфон сатып аларда есте ұстаңыз!

Sorry, this entry is only available in Русский.

Өткен жолы біз Android платформасындағы қолданылған телефондарды сатып алғанда қандай шарттарды ескеріп, оны қалай тексеру керектігін жазған болатынбыз. Енді, бұл жолы iOS операциялық жүйесіндегі танымал Apple компаниясының смартфондарын қарастырмақпыз. Сонымен, бүгін iPhone құнына қарай көптеген түрі бар және әйгілі гаджеттардың бірі болып есептеледі. Әйтседе, техника дамыған заманда олардың көшірмелерін өндірушілерде қаптап кеткен. Оны ажырата алмай, тексеруден хабары жоқтар, мұндай алаяқтыққа көп алдануда. Осы жағдайдың алдын алып, бірден анықтау үшін, қарапайым бір әдіс бар, ол байланыс құралының IMEI кодын білу. Бұл арқылы сіз ол құралдың ақ-қарасын тез анықтай аласыз. Ол үшін байланыс құралында *#06# пәрмендерді теру қажет. Сіз осы бірегей код арқылы Apple компанияның ресми сайтына енгізу арқылы алып жатқан телефоныңыз түпнұсқа немесе көшірме екеніне толық көз жеткізе аласыз. Осындай бір ерекшелігімен, бұл байланыс құралы бүгінде өте ұқыпты, сенімді және өз көркімен көптеген қолданушылардың көңілінен шыққан. Бұл этаптан өткеннен соң, ары қарай оның техникалық жұмыс істеуіне мән беріңіз. Ол үшін кез-келген бағдарламаға немесе ойынға кіріп, тоқтамай 15-20 минут аралығында байлыныс құралының микросхемасының толық жұмыс істеуіне жол беру керек. Осы уақыт аралығында ол мінсіз, бір қалыпта қызмет көрсету қажет. Егерде, өшіп, қайта қосылатын жағдай тіркелсе, оның алдағы уақытта көпке бармай істен шығатынының белгісі. Көбінесе бұл әрекет ұрылған, соғылған телефондарға тән құбылыс болып келеді. Сонымен қатар, осы жағдай көбіне арзан және тез сатқысы келетіндерде кездесуі мүмкін. Сондықтан, сатып алғалы отырған телефонның бағасына да көңіл бөлген дұрыс. Одан бөлек, екі камерасы мен барлық батырмаларының қызметін бағалаңыз. Мұнан кейін, телефон корпусын толық қарап шығып, ол ауыспағандыға көз жеткізуіңіз тиіс. Екінші кезекте дисплейінің жарық беруін бақылаңыз. Арзан қытайлық көшірме болса, жарық беруі әлсіз, экран бетінде ұсақ ақ нүктелері тіркеледі. Сапалы түпнұсқада мұндай белгілер анықталмайды. Бұл телефонның алғашқы және міндетті түрде тексеру керек заңдылықтары.

Жалпы, барлығына толық сенімді болғаннан кейін смартфонға байланған ID есептік жазбасының логині мен құпиясөзін анықтаған жөн. Есте сақтаңыз, саудагер сізге міндетті түрде одан шығып, бұғаттап беруі қажет. Телефонның егесі есіптік жазбасындағы құпия сөзін білмеген жағдайда, ойланбай бас тартыңыз. Өйткені, оны білмеуге екі жағдай түрткі болады. Алғашқысы ұрланған болуы мүмкін немесе бір жерден тауып алған. Қысқасы, ID есептік жазбасының құпия сөзін білмейтін байланыс құралына қызықпауға кеңес береміз.

Міне осы қарапайым шарттар сіздің сенімділігіңізді арттырып, алаяқтардың арбауына түспеуге көмектеседі. Алдағы уақытта бұл жазбадан түсінбеген ақпаратты бейне ролик арқылы көре аласыздар.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях