Қазақ бейнелеу өнерінің бәйтерегі Әбілхан Қастеевке арналған кеш

Қазақ бейнелеу өнерінің бәйтерегі Әбілхан Қастеевке арналған кеш

Биыл қазақтың кәсіби сурет өнерінің бастау бұлағында тұрған қылқалам шебері, аса дарынды суреткер Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толып отыр. Осыған орай кеше Шамалған ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Қазақ бейнелеу өнерінің бәйтерегі» атты ауқымды шара өтті, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

[su_custom_gallery source=»media: 44156,44155,44149,44150,44152,44151,44153,44154″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Оған Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев, Әбілхан Қастеевтің қызы Гүлдария Қастеева, Қастеев музейінің директоры Гүлайым Жұмабекова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Халықаралық Мосарик атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Алпысбай Қазғұлов, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі,  Жамбыл ауданының құрметті азаматы Әуелбек Ысқақов сынды өзге де танымал тұлғалар қатысты.

Шараның негізгі бөлімі басталмай тұрып алдымен түске дейін жас қолөнершілер арасында сурет салудан байқау өтті. Оның нәтижесінде бірінші және екінші орынды Шалқар ауылдық Өнер мектебінің Ясмина Рафатова мен Марьям Ғазиз иеленді. Ал жүлделі үшінші орын Қаскелең қаласындағы «Ёжик» студиясының оқушысы Айкүміс Серікке бұйырды.

Түстен кейін шараның жалғасы ретінде дөңгелек үстел өтті. Оның барысында Данияр Абзалиденұлы көптеген тамаша туындының иесі Әбілхан Қастеевтің өмір жолы мен шығармашылығын жастарда дәріптеу жұмыстарын жүргізу өте маңызды екенін атап өтті. Ал әйгілі кескіндемешінің қызы Гүлдария Әбілханқызы бала кезіндегі әкесімен байланысты естеліктерімен бөлісті. Оның айтуынша, Қастеев тірі кезінде 4000-нан астам туындыны өмірге әкелген. Әрине оның көбі жойылып кеткен. Дегенмен әлі күнге дейін кейбір сурет көрмелерінен суретшінің туындыларын кездестіруге болады.

Жалпы дөңгелек үстел барысында «Түркісіб түйіскенде», «Мектепте», «Шөп шабу», «Қыз ұзату» секілді тамаша туындыларды өмірге әкелген қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеевтың шығармашылық жолы жайлы кеңінен айтылды.

Шара соңы жоғарыда айтып өткен байқау жеңімпаздарын марапаттау мен жиынға келген құрметті қонақтарға Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиевтың атынан Алғыс хаттар табыстаумен тәмамдалды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях