Ауыл жастарының форумы

Ауыл жастарының форумы

Sorry, this entry is only available in Русский.

Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында туған жерге қатысты келелі ойлар айтқан.  Мемлекет басшысы  қазақ елін көркейтіп, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Елбасының бастамасын қазақстандықтар, оның ішінде жастар жағы жылы қабылдап, оны жүзеге асыруға барын салуда.

Оған бір дәлел ретінде, жуырда 15-і мен 17-ші қыркүйек аралығында өткен «Туған жерге туыңды тік» атты ауыл жастарының форумын айтуға болады. Уйғыр ауданының Қырғызсай ауылындағы «ECO park tour» демалыс орнында ұйымдастырылған жиынға облысымыздың барлық аудандарынан 200-ден астам жас жиналды. Олардың бірі оқушы, екіншісі студент, әртүрлі кәсіптің тұтқасын ұстаған ауылдың белсенді азаматтары еді. Ал, олармен жүздесуге облыс əкімінің орынбасары Жақсылық Омар арнайы келіп, ашық сұхбат жүргізді.

Жалпы, онда жастар рухани жаңғыруға байланысты әртүрлі тақырыптағы жігерлендіретін тренинг сабақтарында дәріс алып, өздеріне керекті көптеген мағлұматтарға да қол жеткізді. Бұдан бөлек, іс-шара барысында Жақсылық Мұқашұлының бастауымен қатысушылар әйгілі Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік доғасына кіретін Кетпен жотасының басына шығып, көк байрағымыз бен «Рухани жаңғырудың» эмблемасы белгілен туды тікті. Екі күнге созылған іс-шарада жастар өзін жақсы сезінуі үшін толық жағдай жасалғанын да айта кеткен жөн.

Форумның соңында, жиналған қатысушылардың ішіндегі белсенділері сахнада өздерінің дайындаған қойылымдарын, әзіл-ойындарын қойып, өнерлерін көрсетіп, өзара байқауға түсіп, тамаша көңіл күй сыйлады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях