Ауданымызда Отан қорғаушылар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына – 27 жыл. 1992 жылдың 7 мамырында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылған болатын. Осыған орай, бүгін ауданымыздағы «Атамекен» музейінде Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған мерекелік шара өтті. Оған аудан әкімі Жандарбек Далабаев, ауған соғысының ардагерлері, ауданымыздың құқық қорғау органдары, бөлім басшылары мен мамандары қатысты.
[su_custom_gallery source=»media: 9592,9593,9594,9595″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Салтанатты іс-шарада аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы сөз алып, жиылған қауымды мерекемен құттықтап, еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметіне, аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқаны үшін бір топ азаматтарға Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыстады.
[su_custom_gallery source=»media: 9597,9598,9599,9600″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Мерейлі басқосудың соңы мерекелік концертпен жалғасын тапты. Концерт барысында ауданымыздың Мәдениет үйінің әншілері патриоттық рухты көтеретін әндер шырқап, жиналған қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады.