Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 36-шы сессиясы болды. Күн тәртібіндегі мәселелер бекітілмес бұрын мәслихат депутаттары мен сессияға қатысушы аудан әкімі мен оның орынбасарлары, қалалық, ауылдық округтердің әкімдері, бюджеттік мекемелер және бөлім басшылары жақында ғана мезгілсіз дүниеден өткен Мәлік Мәдиұлын бір минут үнсіздікпен еске алды.  Кезектен тыс сессияны депутат Қуаныш Баяманов төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Жиын төрағасы ауданымызда жақында өткен облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының сайлау қорытындысын тыңдау үшін аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Махмұдбек Жұмағұловқа сөз берілді. Ол сайлау нәтижесі бойынша №17 Шамалған облыстық мәслихат депутаты Жандулла Әбдімұратовтың, №5 және №17 сайлау округтері бойынша сайланған аудандық мәслихат депуттары Жалғасхан Дәлібаев пен Ақшолпан Мараттың депутат дәрежесін алғандарынан ақпарат беріп өтті. Ал, аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы осы мәслихат депуттарының ішінде Жалғасхан Серікұлын ортаға шақырып, депутаттық мандатты тапсырды.

[su_custom_gallery source=»media: 6519,6518,6517,6516″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Сессия күн тәртібінде төрт мәселе бекітіліп, соларға қатысты ұсыныстар талқыға салынды. Бірінші мәселе, «Қарасай ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» №22-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы болды. Оған қатысты баяндаманы аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Жеңіс Ноғайбаев оқыды. Айтылған бірқатар ұсыныстар депутаттар жағынан қолдау табылып, ортақ шешім шығарылды. Екінші мәселе, Шамалған ауылының бас жоспарын бекіту болса, оған қатысты бірқатар ойын  бөліскен «Урбостил қала құрылысын жобалау» фирмасының директоры Любовь Нысанбаева болды. Үшінші мәселе, Еңбек өтілін анықтайтын аудандық арнаулы, Қарасай ауданындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомстволық комиссиясына, аудандық әкімдіктің дербес құрамына және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметін жәрдемдесу. Сондай-ақ, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Қарасай ауданы әкімдігі жанындағы Консультативтік-кеңесші органның құрамына өзгерістер енгізу туралы айтылды. Бұған қатысты комиссия шешімдерінің жобалары депутаттарға таратылып берілгендіктен, барлығы бірауыздан қабылдады. Күн тәртібіндегі төртінші мәселе, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңындағы 20 бабының 4-ші тармағына сәйкес мәслихат депутатының өкілеттігін тоқтатуына қатысты болды. Бұл мәселеге байланысты Іргелі ауылдық округінің депутаты, Рахметов Мәлік Мәдиұлының дүниеден озуына орай депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы сессияның шешімі бірауыздан қабылданды.

Күн тәртібіндегі белгіленген мәселелерден бөлек, келесі жылы аталып өтілетін Қарасай ауданының 90 жылдығы да сөз болды. Ол жайында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов біраз жоспарлы жұмыстарымен бөлісті. Ауданның мерейтой тойланатын уақытқа дейін өз өңірімізді көркейтуге, Қарасай бабамыздың ескерткішін орталық алаңға тұрғызуды ұсынды. Осы және басқа да жүйелі жұмыстардың бірқатарын атқаруға аудан жұртшылығын және мәслихат депутаттарын қолдауға шақырды. Халық қалаулылары да бірауыздан қолдап, бірлесіп жұмыс атқаратындарын жеткізді. Сөз соңында аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы осы айтылған ұсынысты қуана құптап, мекеме басшыларын, ауылдық округ әкімдерін және тағы басқа аудан белсенділерін бір кісідей қолдауға шақырды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях