Ауданда жалпыхалықтық диктант жазылды

Ауданда жалпыхалықтық диктант жазылды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырылуымен 11.00-11.30 уақыт аралығында республика бойынша «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтілді. Негізгі мақсаты – латын негізді қазақ әліпбиін насихаттап, практика жүзінде меңгеруге дағдыландыру. Диктант әр өңірде арнайы белгіленген орындарда, emle.kz, tilalemi.kz сайттары арқылы және «Шалқар», «Қазақ» радиоларынан тікелей эфирде тыңдалынып, жазылды. Мұндай іс-шара біздің аудан көлемінде де синхронды түрде жүзеге асырылды. Оны жүйелі түрде ұйымдастыруды қолға алған аудан әкімдігі, аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімі, сондай-ақ, «Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» мекемесінің аудандық филиалы болды. Латын қарпін таңбалау бойынша білімдерін сынауға ауданымыздан 16 мыңнан астам тұрғындар белсенділіктерін танытты. Оның ішінде 15 жастан асқан оқушылардан бастап, мемлекеттік және бюджет саласындағы қызметкерлер мен студенттер болды.

[su_custom_gallery source=»media: 6510,6509,6508″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Бір уақытта басталған ашық диктанттың тақырыбы «Рухани жаңғыру» деп аталды. Мұнда латын әліпбиіне қатысты емле ережелері мен ескертулер ескерілді. Осылайша жаңа әліпби реформасын қолдаушы аудан тұрғындары болашаққа нық қадам басып, латын графикасын бір кісідей қолдауға атсалысты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях