Аудандағы тегін жұмыс істейтін үйірмелерді білеміз бе?

Аудандағы тегін жұмыс істейтін үйірмелерді білеміз бе?

Өткен жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған болатын. Ал, Мемлекет басшысы 2022 жылды – Балалар жылы деп жариялады. Аталған жоба биыл да жүйелі жалғасын табады деген негізде, аудандағы қанша тегін үйірме бар екенін назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды Naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.  

Аталған жобаның аясында мәдениет және спорт саласы бойынша үйірмелердің 58 бағыты қолжетімді. Жаңа жүйемен Қарасай ауданында жекеменшік ретінде мемлекеттік тапсырысты орындайтын 52 спорттық 37 шығармашылық орталықтар бар екен. Нақтырақ айтар болсақ, Жібек жолында 3, Тұрарда 2, Әйтей 2, Шамалған 4, Жамбылда 1, Қаскелеңде 12, Райымбекте 7, Бұлақтыда 5, Кемертоғанда 4, Көксайда 6, Іргеліде 1 спорттық бағыттар бойынша үйірмелер балаларды қабылдап жатыр екен. Ал, шығармашылық бойынша Жібек жолында 4, Елтайда 1, Көксайда 1, Мерейде 1, Іргеліде 2, Кемертоғанда 3, «Асыл арман» тұрғын үй кешінінде 2, Райымбекте 1, Абайда 2, Бұлақтыда 1, Жандосовта 1, Қырғауылдыда 1 Алмалыбақта 1, Қаскелеңде 10, Шалқарда 2, Шамалғанда 1 орталықтарда балалар өз қабілеттірін дамыта алады.

Тегін сабақтарға 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Десе де, талап бойынша таңдау екі секция мен үйірмеден аспауы керек. Секцияға немесе үйірмеге бару үшін электронды кезекке тұрып, нақты үйірме түрін таңдау маңызды. Электронды тізімге тіркелу үшін баланың заңды өкілі өтінім бере алады. Енді ата-аналарға түсінікті болуы үшін «artsport.edu.kz» порталы арқылы қалай тапсырыс беруге болатынын түсіндірейік. Алғашқы қадам – порталға тіркелу. Одан кейін ата-анаға арналған тетікті басып, өзіңіздің жергілікті елді мекеніңізді таңдайсыз. Негізгі бетке мәдениет бағыты және спорт бағыты деген екі бөлім пайда болады. Соның біріне кіріп, қажетті үйірмені таңдайсыз. Мысалы, домбыра үйірмесін іздейтін болсаңыз ауылыңызда немесе қалада домбыраны тегін үйрететін қанша орталық бары анықталады. Сол арқылы балаларға керекті тегін үйірмелерді тауып аласыз.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях