Аудандағы діни ахуал талқыланды

Аудандағы діни ахуал талқыланды

Кеше әкімдіктің мәжіліс залында Қарасай ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева төрағылық еткен жиынға кеңес мүшелері, қала және ауылдық округтердің әкімдері мен жауапты мамандар қатысып, күн тәртібіндегі төрт мәселеге назар аударылды. Нақтырақ айтқанда, отырыста ауданымызда заңсыз салынып жатқан мешіттерді заңдастыру, шет елдерде білім алып жатқан жасөспірімдерді зерделеу сияқты мәселелер кеңінен талқыланды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

 

Қазіргі таңда ауданымызда діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде біраз істің басы қайырылғанымен әлі де шешімін таппаған мәселелер бар. Жиында бірінші болып баяндама оқыған дінтанушы маман Хакім Оразайдың айтуынша, бүгінде ауданымызда 42 мешіт жұмыс істеп тұрса, соның жетеуінде әлі күнге дейін құжаттары толыққанды жасалмаған. Сондай-ақ, ауданда рұқсат берілмеген 10 заңсыз мешіттің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш мәселе жөнінде округ әкімдері мен жауапты мамандар нақты ақпарат беріп, олардың бірқатарының құрылысы бүгінде тоқтатылғандығын, ал кейбіреуінің құжаттары жасалып жатқандығын айтып өтті. Бұған қоса Хакім Тұрсынбайұлы бүгінде шет елдерде дін саласы бойынша білім алып жатқан алты қарасайлық жаспен зерделеу жұмыстары жоспарға сәйкес жасалуда екендігін жеткізді. Нақтырақ айтқанда, аталған студенттердің ата-аналарымен тоқсанына екі рет түсіндірме жұмыстары, ал, студенттердің өздерімен ватцап желісі арқылы айына 1 рет сұхбат жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.

Хакім Оразайдың баяндамасында көтерген мәселесін тыңдаған аудан әкімінің орынбасары А.Назарбаева өңірде мешіттерді заңсыз тұрғызып жатқан азаматтар заңға бағынуы керектігін қадап айтып, жергілікті билік өкілдеріне аймақтағы әрбір округтегі жаңадан салынған мешіт және басқа да құлшылық орындарының құжаттарын заңға сай қалпына келтіру міндетін жүктеді.

Бұл жиында дінтанушы маман Кеулімжай Жунісбековте сөз алып, деструктивті діни ағымды ұстанушы азаматтармен оңалту жұмыстарына жан-жақты ықпал ету, «Жусан» операциясы бойынша елге оралған әйелдер мен балалардың әлеуметтік жағдайы оларға көрсетіліп жатқан көмек пен қоғамға қайта бейімдеу шараларын ұйымдастыру бойынша мәлімет берді.

Ауданымыздағы діни ахуал талқыланған жиын соңында аудан басшысының орынбасары Айжан Назарбаева округ әкімдері мен жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар беріп, дін саласындағы жұмыстарды қатаң бақылауға алып, мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру шараларды күшейтуді тапсырды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях