Еліміздегі Еңбек күніне орай Елтай ауылдық округіндегі Жармұхамбет ауылында көгілдір отынды тасымалдаумен айналысатын «Nomad Gaz LGP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің газ сақтау қоймасының ашылуы өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
2019 жылдан бастап газ таратумен айналысатын «Nomad Gaz LGP» ЖШС-і қазіргі таңда Алматы облысы мен Алматы қаласындағы бірқатар нысандарды көгілдір отынмен қамтамасыз етуде. Бұл компанияның негізгі бағыты: газ тартылмаған шалғай ауылдарда орналасқан кәсіпорындарға, жылыжайларға және жанармай құю бекеттеріне газды тасылмалдау болып табылады. Нарықтағы көгілдір отынды тасымалдау бойынша орныға білген мекеме, өз қоймаларын салуды жөн санаған. Қазіргі таңда газ базасының құрылыс жұмыстары аяқталып қолданысқа берілді.
Газ станциясының лентасын Елтай ауылдық окугінің әкімі Бекжан Абжан мен аталған мекеменің басшысы Тимур Абизов қиды. Жармұхамбет ауылындағы 2 гектар жерді алып жатқан бұл қоймада 800 куб метр газ сақтау сыйымдылығы бар. «Nomad Gaz LGP» ЖШС-і жұмысқа кірісіп, Қарасай ауданындағы 120-ға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать