Оқырманның сүйікті демалыс бөлмесіне айналатын – коворкинг орталығы бүгін біздің аудандағы Қаскелең қаласының орталық кітапханасында да ашылды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты рәсіміне аудан әкімі Жандарбек Далабаев пен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров та қатысты. Құрметті қонақтар қатарында партия мүшелері, мұғалімдер, ҚР Тұңғыш Президенті қорының «Қарасай ауданының білім беру қорының» қызметкері және БАҚ өкілдері болды. Жақында ғана күрделі жұмыстан өткен, орталық кітапхана ішіндегі арнайы бөлме, толықтай жастарға лайықты жасалынған.
Белсенді жастардың білім ордасына айналатын – коворкинг орталығында емін-еркін жұмыс жасауыңызға барлық жағдай қарастырылған. Дәл осындай заманауи талапта жабдықталған кез келген компьютерлік орынға келіп, ғаламтор желісі арқылы өзіңізге қажетті ақпаратты ала аласыз.
Мұнда оқушылардың қосымша білім алуына байланысты робототехника бағытындағы сабақтар да арасында өткізіліп тұрады. Ал, орталық кітапхананың директоры Ұлдархан Өтеева, қалың оқырмандарын бос уақытын осында тиімді өткізуге шақырады.
Сондай-ақ, осындай мереке қарсаңында өскелең ұрпақ ел ағалары сияқты халыққа қызмет атқарсын деген ниетпен оқушылардың «Жасұлан» ұйымына қабылдау рәсімі де болды. Олар үшінде коворкинг орталығының маңызы зор, әрі сүйікті ісін жандандыруға көп септігін тигізері сөзсіз.
Елбасымыз баян еткендей жас буынның ой-өрісі, рухани дамуы осындай ақпаратты, жаңа заман ағымымен ұштасу керек. Оның айғағы болатын осы коворкинг орталығы – оқырман білімін жаңғыртатын, рухани азықтан алыстатпай, кітап әлеміне бастар таптырмас жол деп білеміз.