Аудан жастарының белсенділігі тамаша

Аудан жастарының белсенділігі тамаша

Sorry, this entry is only available in Русский.

Ауданымызда колледждер арасындағы биден эстафеталық флешмоб басталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Жастар жылы аясында  ауданымыздың белсенді топ өкілдері патриоттық  тәрбие беріп,  өскелең ұрпақтың мәдениетін арттыруға арналған  түрлі шаралар өткізіп келеді.   Сондай игілікті бастаманың  тұсаукесері бүгін Қаскелең гуманитарлық колледжінде аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Алдымен жиынның шымылдығы қазақтың ұлттық биімен ашылып, аталмыш мекеменің жетекшісі Аида Ақшалова мен осы колледждің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Светлана Абдуллаева білімгерлерді түрлі шараларға ат салысып, белсенді болуға шақырды.

[su_custom_gallery source=»media: 9371,9372,9373″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Одан кейін оқу орнының студенттері рухты, ырғақты әуенге қосыла билеп, бұл флешмобты келесі оқу орнына жолдады. Ендігі кезекте бұл эстафета реттілік бойынша ауданның аумағында орналасқан қалған алты колледжде де жалғасын табатын болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях