Аудан сайлаушылары бір кісідей атсалысуда

Аудан сайлаушылары бір кісідей атсалысуда

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы басталып, еліміздің барлық аймақтарында азаматтар өздері таңдаған кандидаттарына дауыс беруде. Бұл науқан біздің ауданымызда өз деңгейінде өткізілуде, деп хабарлайды karasayinfo.kz.
Таңның атысынан сайлау комиссия мүшелерінің жұмысы қыза түсіп, аудандық кітапханаға, яғни, № 424 сайлау учаскесіне жергілікті тұрғындар келуде. Алғашқы дауыс берушілердің бірі болып, аудан әкімі Жандарбек Далабаев азаматтық белсенділігін танытып, науқанға қатысты. Өз үміткеріне дауыс берген аудан басшысы учаскенің жұмысына да жақсы баға берді. Сондай-ақ, тұрғындар арасында маңызды науқанды қалт жібермей, алғашқы болып өз таңдауларын жасаған Құнанбай Колатов пен Әлия Меңдіқарай жайлы айтпай кетпеске болмайды. 24 жылдан астам Қаскелең қаласында тұрып келе жатқан отбасы мүшелерінің айтуынша, бұл сайлауға қатысу, әр қазақстандықтың парызы. Сондықтанда, мұндай тарихи сәттің қатысушысы болу, үлкен мәртебе, әрі азаматтық борышым, – дейді Қ.Колатов. Айта кеткен жөн, ауданымызда 183930 сайлаушыларды қамтитын 101 сайлау учаскелері жұмыс істеуде. Олардың барлығы таңғы 06:00-де ашылып, сағат 07:00-ден азаматтарды қабылдауда. Бір қуантарлығы, барлық қарасайлықтар бұл науқанға саналы түрде дайындалып, өздерінің белсенді екендіктерін көрсетуде. Оған себеп, сайлау учаскелері ашылған уақыттан бастап түскі 12:00-ге дейін аудан сайлаушыларының 40 пайызы өз дауыстарын беріп үлгерген.

[su_custom_gallery source=»media: 10471,10470,10469,10468,10467″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях