Аудан әкіміне медаль тапсырылды

Аудан әкіміне медаль тапсырылды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін аудан әкімі Махаббат Бигелдиевке, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтың бұйрығымен, «Мемлекеттік шекараны үздік күзеткені үшін» медалі берілді.

Аталған медалді аудан басшысына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Шығыс өңірлік басқармасы бастығының орынбасары, полковник Мұрат Серікбаев пен 2021 әскери бөлімнің командирі, подполковник Нұрболат Абтикалыков салтанатты түрде тапсырып, ізгі тілегін білдірді.

– Қарасай ауданында да шекаралық застава орналасқан. Ондағы жауынгерлер туған еліміздің шебін қырағы күзетіп тұр. Өзіңіз де осы мәселеге үнемі жақсы назар аударып, тиісті көмек-қолдау көрсетіп жүрсіз, – деді полковник.

Махаббат Садуақасұлы өз кезегінде осындай марапаты үшін республикалық Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті басшылығына үлкен алғысын айтып, шекара күзетінің де аса маңызды мәселе екеніне жан-жақты тоқталды.

 – Бәрімізге де белгілі, – деді аудан әкімі, – біздің ауданымыз да шекаралық аумаққа жатады. Бұл аудан басшылығы мен жұртшылығына үлкен міндет жүктейді. Әрбір адам осы орайда барынша қырағылық көрсетуі  тиіс. Туған Отан шебін қорғауда, шекараны күзетуде қырағылық таныту – шекарашылар ғана емес, өз елін сүйетін әр адамның міндеті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях