Аудан әкімі кезекті жеке қабылдау өткізді  

Аудан әкімі кезекті жеке қабылдау өткізді   

Ескелді ауданының әкімі Елдос Ахметов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымның  тілшісі.

Қабылдауға келген тұрғындар негізінен жұмысқа орналасу, тұрғын үй және өзге де мәселелер бойынша жүгінді.

Бірінші болып Теректі ауылдық округінің тұрғыны жұмыс сұрай келді. Аудан әкімі өз мәселесімен жүгінген тұрғынның әлеуметтік жағдайына сәйкес көмек көрсетілетінін айтып, ауылдық округ әкіміне жұмысқа орналастыру жолдарын қарастыруды және жағдайын бақылап отыруды тапсырды.

Бұдан бөлек баспана қажеттілігі бойынша келген тұрғындарға тұрғын үйлердің заңдылыққа сәйкес әр санат бойынша кезектілікпен берілетіндігі түсіндірілді.

Ал, баласына жұмыс қажеттілігін айтқан тұрғынның да мәселесі назарда болатындығын айтқан аудан басшысы жауапты бөлім басшыларына бос жұмыстарын қарастыруды жүктеді.

Жеке қабылдауға мүмкіндігі шектеулі жанды асыраушы тұрғын баспана мәселесі қиындық тудыратынын айтып, өзге де көмектер көрсетуді сұрады.

Өз мәселесімен жүгінген тұрғынның жағдайына қанық болған аудан әкімі жауапты бөлім басшысы мен аурухананың бас дәрігеріне мемлекет тарапынан тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тізімін жасақтап, қабылдауға келген тұрғынға ұсынуды тиесілі әлеуметтік төлемдердің кедергісіз төленуін бақылауды тапсырды.

Жеке қабылдау қорытындысымен аудан әкімі орынбасарлары мен жауапты бөлім басшыларына әрбір тұрғын тарапынан айтылған мәселелерді назарда ұстап, тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырма жүктеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях