Аудан әкімдігінде жаңа бөлім басшылары тағайындалды

Аудан әкімдігінде жаңа бөлім басшылары тағайындалды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін аудандық әкімдіктің бірнеше бөлім басшылары лауазымдық қызметтері ауысқандықтан, аудан әкімі Жандарбек Далабаев бос бөлім басшыларының орнына жаңа қызметкерлерді тағайындады. Атап айтқанда, аудандық ішкі саясат бөліміне басшысы лауазымына осы саланы жетік меңгерген, бес жылға жуық ішкі саясат бағытында қызмет атқарған және осыған дейін Қаскелең қаласы әкімінің орынбасары болған Әмина Абдраманова таңдалып, тағайындалды. Ал, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне басшысы қызметі осы жерде сектор меңгеруші болып төрт жыл жұмыс атқарған Жеңіс Ноғайбаевқа жүктеліп, жақсы нәтиже көрсетуіне сәттілік тіледі. Ал, үшінші бос лауызым аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы қызметін аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы Айбар Жақанбаевқа сеніп тапсыруды жөн деп тапты. Өйткені, ол осы бөлімінде төрт жылға жуық қызмет атқарып, өз жұмысына тиянақты, жақсы нәтиже көрсеткен екен. Жаңа бөлім басшыларының барлығына аудан әкімі жаңа қызметтеріне сәттілік тілеп, алдағы уақытта жақсы нәтиже көрсетулеріне сенім білдірді.

[su_custom_gallery source=»media: 5750,5749,5748″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″]

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях