Бүгін ауданның аумағында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ұйымдастыруымен оған қарасты мекемелердің электромонтерлер бригадалары арасындағы кәсіби жарыстың ашылу салтанаты өтті. Оған құрметті қонақтар ретінде аудан әкімі Жасұлан Естенов, аталған АҚ басқарма төрағасы Абай Асылов, энергетика саласының ардагері, елге сыйлы Советхан Нұрпейісов қатысып, сайысушыларға сәттілік тіледі, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік баслымы.
Салтанатты рәсімнің алғашқы бөлігін Абай Асылов ашып, өз бағын сынап көруге жиналған мамандармен сәлемдесіп, сәттілік пен жеңіс тіледі. Ал аудан басшысы Қарасай секілді үлкен ауданды электр энергиясымен қамтамасыз етуде «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ атқарып жатқан жұмысы өте маңызды, ал қызметкерлерінің еңбегі ерекше екен атап өтті. Сондай-ақ Жасұлан Тоққожаұлы аудандағы энергетика саланың дамуына сүбелі үлес қосқан Абай Ноғайұлына Қарасай ауданының «Құрметті азаматы» атағымен марапаттады. Одан кейін сахнаға ардагер Советхан Нұрпейісов шығып, қатысушыларға батасын берді.
Шараның екінші бөлімінде мәртебелі меймандарға жарыс өтетін оқу-жаттығу алаңдары мен қатысушы командарлар таныстырылды.
Айта кетейік, қызметкерлер арасында нөлдік травматизм болу үшін және де олардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған мұндай жарыстар жыл сайын өткізіліп отырады. Бұл жолы Алматы облысы және Алматы қаласынан жиналған 18 команда 5 күн араларындағы өзара мықтыны анықтайды.
Кәсіби жарыс нәтижесі аптаның жұмасы күні белгілі болады.