Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында актив жиналысы өткізіліп, жақында ғана Бас прокурордың бұйрығымен аудан прокуроры болып тағайындалған Ғалымжан Сәрсенбаев таныстырылды. Бұл басқосуға Алматы облысының прокуроры Азамат Жылқыбаев арнайы келіп, жаңа басшының өмір жолы мен қызметі туралы және де осы салада 20 жылдан астам қызмет етіп, мол тәжірибе жинаған маман тілге тиек етті.
Жиналыста сөз алған аудан әкімі Жандарбек Далабаев та прокуратура сынды қадағалау орган жұмысының маңызы жайында айтып, прокурорды жаңа қызмет орнымен құттықтады.
[su_custom_gallery source=»media: 7480,7479,7478,7477,7476″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]