Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына – 32 жыл. Ауданымызда осыған орай бүгін жат жерде жан тапсырған интернационалист-жауынгерлерді еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
[su_custom_gallery source=»media: 30510,30511,30512″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Шараға жиналғандар әуелі тағзым алаңында бас қосып, ұрыс даласында қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Мұнан кейін интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткішке қала әкімі Асқар Мұқашев бастаған байырғы жауынгерлер ұрыста қаза тапқан қаруластарының рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Салтанатты рәсім аяқталғаннан соң қала әкімі сөз сөйлеп, мерекелік лебізін білдіріп, елімізге тыныштық пен бейбітшілік, береке мен бірлік тіледі. Сондай-ақ, шара барысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Бекмырза Жүсіппен бірқатар ардагерлері де сөз сөйлеп, тарих беттеріне жазылған майданға қатысқандардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтындығын және де кейінгі ұрпаққа үлкен үлгі болып қалатындығы жайлы айтып өтті.
Мұнан кейін Асқар Өкенұлына бірқатар ардагерлерге еліміздің ынтымақ бірлігін сақтауда, жастарға патриоттық тәлім тәрбие беруде қосқан үлестері үшін аудан әкімі Жандарбек Далабавеатың атынан Алғыс хаттар табыстады.
Салтанатты жиын соңы аудан өнерпаздарының әзірлеген мерекелік концертімен жалғасын тапты.