«Асыл армандағы» мектеп биыл бітпейді

Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев бүгін Іргелі ауылдық округінің халқына есеп беріп, шешімі әлі күнге дейін табылмаған мәселелерге қатысты жауап берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымының тілшісі.

Ауылдық округке қарасты «Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі ең басты мәселе – білім мекемесінің жоқтығы. 25 мыңға жуық халықтың өтінішін арқалап бұл жиынға бірнеше адам келді. Барлығының көкейіндегі бір сауал – қашан мектеп салынады?

Аудан басшысы Жандарбек Ермекұлының сөзіне сүйенсек, мектептің құрылысы өткен жылы басталған. Алайда пандемия жағдайынан кейін құрылыс материалдарының бағасы өзгерген. Соған байланысты қайта есептеу үрдісі жүргізіліпті. Сол себепті жұмыс уақытша тоқтатылған. Бұл іске, тіпті, білім және ғылым министрлігі де араласуда.

Мектептің толықтай бітуіне «Advennto» ЖШС жауапты. Қазір аталған серіктестік пен аудандық әкімдік, тиісті министрлік арасында үшжақты келісім жүргізілуде. Жоспар бойынша жаз айларында нысанның құрылыс қарқыны артып, оқу жылының ІІІ тоқсанына дейін бітуі тиіс. Яғни, аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, 2023 жылдың қаңтар айында асылармандық оқушылар мектепке барады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях