Асыл арман: моншаның есігіне кімдер қарсы? (Видео)

Асыл арман: моншаның есігіне кімдер қарсы? (Видео)

Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылдық округінде орналасқан «Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі №19-20 үйдің халқы іргелес жатқан моншаның қожайынына наразылықтарын білдіруде. Айтуларынша, бизнес өкілі осы аталған үйдің аумағы арқылы қосымша есік орнатып, өзінің кәсібін тиімді түрде жүргізбекші. Бұрын дәл осы есік арқылы моншадан шыққан демалушылардың арасында жанжал, айғай-шу болған екен. Осы жағдай тағы қайталанбас үшін тұрғындар байбалам салып, алдын ала қарсылық танытуда. Туындаған мәселеге Іргелі ауылдық округі әкімі Өміржан Апсаматов пікір білідірді. Алдағы уақытта жоғарыда аталған екі үйдің халқынан қол жиналады. Көпшілік қарсы болған жағдайда бұл есік ашылмайды. Біржақты шешілетін жағдай ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін өтетін жиында белгілі болады

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях