Астана күні Алматы облысында өтуде

Астана күні Алматы облысында өтуде

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Алматы облысында Астана қаласының күндері аталып өтілуде. Осыған орай, облыс орталығына астаналық делегация келіп, оларды облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Турлашов қабылдап, жылы лебізін білдірді.

Өз сөзінде Ләззат Махатұлы «Жақында Елордада Алматы облысының күндерін өткізіп, енді, міне астаналықтармен Жетісу жерінде қуанышты мезетте қайта кездесіп отырмыз. Елбасы айтқандай, аймақаралық қарым-қатынасты жоғарылату өте маңызды. Сондықтанда, біз қуана басқа облыстармен, қалалармен экономикалық, мәдени ынтымақтастықты жоғарылатуға дайынбыз. Ал, Елордамыздың 20-жылдық мерейтойын мерекелеу кезінде барлық аймақтар өздерінің шамасы жеткенше қолдау көрсетіп, олардың ішінде Алматы облысының тұрғандары бар. Менің ойымша, біздің мәдениетаралық байланысымыз бұдан әрі жоғарылап, кеңейе түседі.», – деп айтты. Ал, Астанадан келген делегация атынан мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов алғысын айтып «Астананың 20-жылдығы аясында біз әр облыста Елорда күнін өткіземіз. Жетісу өңірінен кейін делегация Алматы қаласына, яғни соңғы аялдамаға жол тартатын болады. Менің ойымша, жетісулықтар біздің Астаналық талантты әртістер мен шығармашылық ұжымымыздың өнерлерінен тамаша әсер алады деген ниеттемін.», – деп ризашылығын білдірді.

Кездесу соңында қонақтарға Жетісудің киелі жерлерінің картасы сыйға тартылды. Еске сала кетсек, Астана күні Алматы облысында 16-шы қыркүйектен бастау алған және ол 19 қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Бағдарлама аясында Алматы облысы әкімдігінің қабырғасында, Жансүгіров мәдениет сарайында, көркем бейнелеу галереясы мен Бекен Римова драма театрында қойылымдар, көрмелер, бизнес-форумдар, жарқын концерттер және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях