Қаскелеңдегі қоқыс мәселесі қалай шешілмек?

Қаскелеңдегі қоқыс мәселесі қалай шешілмек?

Алдағы уақытта Қаскелең қаласында бейнебақылау камералары қойылып, тыйым салынған жерлерге қоқыс тастайтындарға айыппұл салынуы мүмкін. Бұл жайында аудан әкімінің есептік жиынында «Тазалық» ЖШС-нің басшысы Болат Туғамбаев айтып өтті, – деп хабарлайды Nagty.kz желілік басылымы.

Аудан әкімінің есептік кездесуінде көптеген қаскелеңдіктердің тарапанынан қоқыс мәселесі көтерілді. Тұрғындар қоқысты жинайтын жауапты мердігер компания өзінің жұмысын дұрыс атқармайтындығына және көшелерде әрдайым қоқыс жататындығына шағымданды. Бұған байланысты «Тазалық» ЖШС-нің басшысы Болат Туғамбаев жауап беріп, компания қызметкерлері қоқысты уақытында жинайтындығын, алайда ақша төлегісі келмейтін тұрғындар өз қоқыстарын орталық көшелердегі контейнерлерге апарып тастайтындығын айтты. Осыған байланысты орталықтағы жолдардың бойындағы қоқыстарды жинап бітіру мүмкін емес.

ЖШС-нің басшысы бұл мәселені шешу үшін көшелерге бейнебақылау камераларын орнатып, қоқысты тастаған адамдарға айыппұл салу қажет екендігін айтып, осы істі іске асыру үшін бүгінде ол қала әкімдігімен бірлесе бірқатар амалдар қарастырып жатқандығын мәлімдеді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях