15 мамырда Қаскелең қаласында бір топ шабандоз заңсыз ұйымдастырған көкпар ойынының соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Әлеуметтік желілерде қаланың қақ ортасында көкпар тартып жүргендерді жайлы бейнежазбалар тарады. Бұл оқиға халық арасында үлкен наразылық тудырған болатын. Бүгін осы құқықбұзушылық жағдайға байланысты Қарасай аудандық Полиция басқармасының ғимаратында баспасөз жиыны өтті.

Қарасай аудандық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары, полиция майоры Арман Талкамбаев мәселенің мән-жайын толықтай түсіндіріп берді. Сонымен қатар, жиынға аталған даулы көкпарды ұйымдастырушылар шақырылды. Оған қоса, аудандағы көкпар саласында мол тәжірибесі бар Айдар Оқасов, Дәулет есімді көкпаршылар келіп, өзіндік ой пікірлерімен бөлісті. Құқықбұзушылық жағдайға себепкер болғандар кешірім сұрады және олар міндетті түрде әкімшілік жазаға тартылып, келтірілген шығынды өтейтін болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь