Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова екінші рет тапсырған ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсетсе де, неге 14 күн карантинде отыру керегін айтты, – деп хабарлайды karasayinfo желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Егер бірінші ПТР-сынама оң, ал екіншісі тіріс нәтижесін көрсетсе де Ashyq-та «қызыл» статусы 14 күнге дейін сақталады.
» Мұның себебі, біріншіден, материал жинауға, таңдалған материалдарды сақтау және зертханада зерттеудің аналитикалық сатысында болуына байланысты.(…) Оң ПТР-сынама болған жағдайда да міндетті түрде 14 күн бойы бұл адам «қызыл» статуста қалады», – деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.
Оның айтуынша, адамдардың шамамен 20 пайызы симптомсыз түрде ауырады және вирусты тасымалдай алады.