«Қасқыр» атанған чемпионмен кездесу

«Қасқыр» атанған чемпионмен кездесу

Sorry, this entry is only available in Русский.

Жуырда Қаскелең қаласындағы „Достар„ спорт кешенінде танымал палуан, РФ еңбегі сіңген спорт шебері, олимпиада және әлемнің бес дүркін чемпионы Қажымұрат Гацалов балалармен өзінің шеберлік сағатын жүргізді. Аталмыш орталықтың басшысы Мұса Мамедов ұйымдастырған бұл басқосуға әйгілі спортшыдан бөлек, еркін күрес федерациясының вице-президенті Адай Батырбекұлы және ҚР жалпы дене тәрбиесiнің жаттықтырушысы Эдуард Базров қатысты.

Кездесу барысында Қажымұрат Сұлтанұлы өзін дөңгелене қоршап отырған жас палуандарға еркін күрес бойынша көптеген кеңестер айтып, бұл спорт түрінің біршама пайдалы жағын әңгімеледі. Бұдан бөлек, ол жастарға мықты спортшы атану үшін ең алдымен уақытылы тамақтанып, жаттығуларды қалт жібермей және жақсы оқу керектігін де тілге тиек етіп, жеңіске ерінбей, көп тер төккенде ғана жетуге болатынын жеткізді. Қызыға тыңдаған жасөспірімдер де өз кезегінде көкейіндегі сұрақтарын қойып, спорт әлемінде „Қасқыр„ атанған чемпионның жеке өмірі туралы көп ақпарат алды. Ал, чемпион болса балаларды боз кілем үстіне шақырып, қарсыласты тізе бүктірер көптеген амал-қимылдарды ойларына түйердей етіп көрсетіп, үйретті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях