Премьер-министр Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық зауытында өндірілген коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын салдырды, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
«Вакцина алғаннан кейінгі Асқар Маминнің денсаулығы жақсы, жанама әсерлері байқалған жоқ», – делінген баспасөз хабарламасында.
Бүгінде Қазақстанда 2,8 миллионнан аса адам бірінші компонентті, 1,7 миллионнан аса адам екінші компонентті салдарған.