Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин бекітілді, хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына қатысты. Онда Президент Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминді ұсынған болатын.
Мәжілісмендердің көпшілігі Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.
«Қатысып отырған 99 депутат, жақтағандар 78, қалыс қалғандар 21», – деп оқыды дауыс беру нәтижесін Нұрлан Нығматулин.
Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет еткен, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.
2019 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып тағайындалды.