Қарияны таяқпен ұрған адамға қатысты тергеу басталды

Қарияны таяқпен ұрған адамға қатысты тергеу басталды

Алматы полициясы ер адамның қарияны таяқпен ұрып-соғуына қатысты іс қозғады, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Әлеуметтік желіде ер адам көліктен түсіп, жол бойында тұрған қарт адамды таяқпен ұрып жатқан видео пайда болды.

Алматы қалалық полициясы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл факт бойынша полицейлер тексеру бастағанын жеткізді.

«Бұлтартпау жазасын қолдана отырып, тергеу басқармасының тергеушілері Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері көмегімен қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға шаралар қабылдап жатыр. Тексеру барысы мен нәтижелері Алматы қаласы ПД бақылауына қойылды. Құқықбұзушыға қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады», – деді полиция бастығының орынбасары.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях