«Ардагерлер туралы» Заң сенат отырысында қабылданды

«Ардагерлер туралы» Заң сенат отырысында қабылданды

Сенаторлардың отырысында «Ардагерлер» туралы Заң талқыланды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
Жақында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының пленарлық отырысы болды. Басқосудың барысында сенаторлар «Ардагерлер туралы» ҚР Заңын талқылап, қабылдады. Аталған Заң жобасы соғыс және еңбек ардагерлерінің ҚР Парламентіне,
Үкімет пен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдаған көптеген өтініштеріне байланысты әзірленгенін айта кеткен жөн.
Заң шеңберінде ардагерлердің 5 әлеуметтік қорғалатын санаты
анықталды: Ұлы Отан соғысының ардагерлері; басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; жеңілдіктермен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; еңбек ардагерлері; Заңның күші қолданылатын басқа да санаттағы адамдар.
Ауғанстандағы және басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер соғыс қимылдарының ардагерлері санатына өтеді. Сонымен қатар, барлық қолданыстағы жеңілдіктер мен жәрдемақылар сақталады.
Басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері са-
натына Ауған жауынгерлерінен басқа, 1992 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде тәжік-ауған шекарасында ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетуді күшейтуге,
1968 жылы Чехословакиядағы жан- жалды реттеуге, Таулы Қарабахтағы этносаралық жанжалды реттеу- ге қатысқан адамдарды, сондай-ақ, Ирактағы бітімгершілік операцияларына қатысқан ұлттық контингент қосылған.
Жаңадан енгізілетін санат үшін 4,8 АЕК мөлшерінде арнайы мемлекеттік
жәрдемақы белгіленетін болады (2020 жылы – 12 725 теңге). Арнайы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, аталған адамдарға Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер үшін тұрғын үйге кезекке қою, салық салу, тегін медициналық
қызмет көрсету, санаториялық-курорттық емдеу мен қамтамасыз ету және т.б. бойынша қолданыстағы барлық құқықтар мен кепілдіктер берілетін болады. Бұл 10 мыңнан астам адамға қатысты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях