Қарасайлықтар «Жыл еріктісі» атанды

Қарасайлықтар «Жыл еріктісі» атанды

«Жыл еріктісі» – әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешуге үлес қосқан еріктілер тобын, отандық және волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған Халықаралық сыйлық. Міне, дәл осы ерекше марапатқа жақында қарасайлық еріктілер де ие болды. Олар республикаға ауданның ғана емес, Жетісу өлкесінің де атын танытты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Халықаралық сыйлыққа еліміздің әр өңірінен лайықты деп танылған ерікті жандар таңдап алынды. Олар бұл дәрежеге оңай жетпегенін айта кету керек. Алдымен осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстары сарапқа салынса, екінші кезеңде онлайн дауыс беру арқылы үздіктер анықталды.

«Жыл еріктісі» сыйлығы 48 номинация бойынша берілді. Алматы облысының волонтерлері соның 22-ін жеңіп алды. Бұл құрметті марапаттың арасында ауданның әлеуметтік ісіне белсене атсалысып, өзгелерге үлгі болып жүрген үш қарасайлықтың да есімдері аталды. Нақты айтқанда, ауданаралық көпсалалы ауруханасының менеджері Дана Таждинова «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін», «Батыр бабалар» мемориалды музейінің экскурсия жүргізушісі Әмина Қаржаубаева «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін» және «Ана мен бала» қайырымдылық мекемесінің басшысы Әлия Сәтбаева «Корпоративтік еріктіліктің көшбасшылары» номинациясы бойынша марапатталды.

Еңбектері еленген еріктілер жақында Павлодар қаласында өткен ауқымды іс-шараға қатысып, лайық деп танылған Халықаралық сыйлықтарын қолына алды. Үздік волонтерлер жиналған бұл басқосуға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов арнайы қатысып, байқау жеңімпаздарын құттықтады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях