Жуырда облыстық деңгейдегі жас еріктілер слетінде ауданымыздағы Қаскелең қаласының «Жан шуақ» тобы үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Жастар арасында еріктілер қозғалысын дамыту және өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған шарада 215 ерікті қамтылып, бес бағытта секциялық жұмыстар жүргізілді. Олар денсаулықты сақтау мен алғашқы көмек көрсету, Start Up жобаларды жүзеге асыру, жастар арасында көшбасшылық қасиеттерін арттыру, жастарға психлогиялық қолдау көрсету, еріктілік бағыттары.
Сонымен қатар, слет аясында «Ең үздік еріктілер тобы», «Үздік ерікті», «Еріктілердің үздік жобасы» номинациялары бойынша үздіктер анықталып, ақшалай сыйақылармен марапатталды. Атап айтқанда, «Ең үздік еріктілер тобы» номинациясы қарасайлық «Жан шуақ» тобына тиесілі болса, «Үздік ерікті» Алакөл ауданы Үшарал қаласынана Алмат Есенбеков лайық деп танылып, «Еріктілердің үздік жобасы» Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласына бұйырды. Оған қоса бұл күні «Жастар» спорт сарайында 215 ерікті қатысқан шағын футбол, волейбол, армреслинг, гір тасын көтеру бойынша төрт бағытта спартакиада өткізілді.