Қарасайлық балабақшалар «фейс-бақылауда»

Қарасайлық балабақшалар «фейс-бақылауда»

Қарасай ауданының аумағындағы мемлекеттік және мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға «QR және Face ID» жүйесі енгізілді. Бұл, бір жағынан, қауіпсіздік шарасын жетілдіру үшін, екінші жағынан бюджет қаражатының мақсатты түрде жұмсалуын қадағалау үшін жасалып отырған шара, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Ашып айтқанда, соңғы жылдары кейбір мектепке дейінгі білім беру ұйымдарда тіркелген бала саны мен келушілер санының арасында айырмашылық байқалған. Туындаған мәселені шешу мақсатында еліміздегі балабақшыларға «Face-бақылау» жүйесін енгізу туралы шешім қабылданды. Осының аясында өткен жылдың тамыз айында Қарасай ауданының аумағында орналасқан балабақшаларға «QR және Face ID» орнатылды.
Сканерлеу жүйесі енгізілген бөбекжайларда тәрбиешілер әр баланы смартфонға суретке түсіріп, оны арнайы бағдарламаға жүктейді. Бұл балалардың балабақшаға келгенін растап, жалған ақпараттың жолын кеседі.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях